Әйгілі суретшілер туралы қызықты деректер

* Анри Матистің «Қайық» деп аталатын суреті 46 күн бойы Нью Йорктегі көрмеде асты үстіне қаратып ілініп тұрған. Соған қарамастан, оған 1600 көрермен жоғары баға беріп үлгеріпті.

* Джексон Поллок өз суреттерін көбіне темекі тұқылымен салған.

* 1912 жылы Леонардо да Винчидің «Джокондасы» қолды болады. Оны іздеп тапқанға дейінгі 3 жыл ішінде суреттің түпнұсқасы деп 6 көшірмесі сатылып үлгерген. Және олардың әрқайсысы үшін өте көп ақша төленген.

* 1962 жылы «Джоконда» 100 млн. долларға бағаланды, ал 2009 жылы ол  700 млн. долларға сатылды.

* Суретшілер мен әртістердің көпшілігі солақай.

* Энди Ворхол тек суретші ғана болмаған. Ол өз өмірінде 60-қа жуық фильм түсіріп үлгерген. Оның «Ұйқыбас» деп аталатын алғашқы фильмі досының қалай ұйықтайтынын баяндайды. 6 сағатқа созылған бұл фильмнің премьерасына небәрі 9 адам келсе, оның 7-еуі фильмді соңына дейін көрген, ал 2-еуінің шыдамы бір сағатқа да жетпепті.

* Микеланджело суретші ғана емес, ақын да болған. Бүгінге дейін оның 300-ге жуық өлеңі жеткен.

* Леонардо да Винчи бір қолымен сурет салып жатқанда, екіншісімен жаза алатын болған.

* Клод Моне лотереядан 100 мың франк ұтып алған. Соның арқасында ғана шабармандық жұмысынан босап, сурет салумен айналысу мүмкіндігіне ие болған.

* Вермеер өзінің 11 баласы болғанына қарамастан, ешқашан балалардың суретін салмаған.

* Ренуардың сурет салуды жақсы көргені соншалық, тіпті қартайған шағында буын ауруынан саусақтары икемге келмей қалғанда да қылқаламды білегіне байлап алып, жұмысын тоқтатпаған.

* Пикассоның толық аты 23 сөзден тұрады: Пабло-Диего-Хосе-Франсиско-де-Паула-Хуан-Непомусено-Мария-де-лос-Ремедиос-Киприано-де-ла-Сантисима-Тринидад-Мартир-Патрисио-Клито-Руиз-и-Пикассо.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.