ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика, Тәуке хан, Түркістан, Жангелдин, Қонаев, Байтұрсынов  көшелерінің бойында орналасқан қоқыс алаңшаларында дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізілуде.  «ШымкентСпецкомплекс» мердігер мекемесі өздері келісім-шарт жасасып, қызмет көрсететін аумаққа контейнер жуу, жәндіктерге қарсы дәрілеу жұмыстарын бастады.

Әл-Фараби ауданында жалпы саны  192 қоқыс алаңшасы болса, бүгінде соның  75-інде көктемгі санитарлық- дезинфекциялық  жұмыстар атқарылуда. Мұндай тазалық іс-шаралары басқа мөлтек аудандарда   жалғасын табады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.