Алакөлде жаңа әуежай ашылды

Бүгін Алматы облысы Үшарал қаласының әуежайы ашылып, әуежайға Астанадан алғашқы рейспен демалушылар ұшып келді. Мұндағы ескі əуежайдан соңғы ұшақ осыдан ширек ғасыр бұрын ұшқан екен. Бұл туралы  Stan.kz сайтына сілтеме жасап qazaqjoly.kz хабарлайды.

Салтанатты шарада облыс әкімі Аманық Баталов өңірде туризмді өркендету бағытында атқарылып жатқан шаралар, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандардың құрылысы жайлы айтып өтті.

Облыстық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Е. Жасыбаевтың айтуынша, əуежайдың құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, құрылысын «ASD Group» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Мұнда «Жетісу» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді.

Енді Үшарал әуежайы аптасына төрт рет «Астана – Үшарал – Астана» және үш рет «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағытындағы әуе рейстерін қабылдайтын болады. Бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн.теңге қаржы бөлінді. Атап өтсек, Астанадан ұшатын рейстің құны 16 мың теңгеден, Талдықорған рейсі 8 мың теңгеден.

Бұған дейін 2015 жылдан бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытындағы темір жол қатынасы қолға алынған болатын. Алғашында 16 вагонмен басталып, қазіргі кезде сұраныстың артуына байланысты вагондар саны 23-ға жеткен.

2016 жылы Алакөлде 452 мыңнан астам адам демалса, биылғы жылы 500 мыңнан астам келеді деп күтіліп отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.