Әлемдегi ең жұмбақ оқиғалар: Розуэлл оқиғасы

1947 жылдың маусымында Розуэлл қалашығының аты бүкіл әлемге белгілі болды. Қалашықтың маңындағы Мак Брейзелдің фермасына беймәлім (БҰН) ұшатын нысан құлады. Сол кезде-ақ мемлекеттің қауіпсіздік қызметі белгісіз нысанның қалдықтарын түк қалдырмай жинап, алып кеткен. Отыз жыл бойы бұл оқиға туралы айтуға тыйым салынды. 1978 жылы операцияға қатысқан майор Джесси Марселдің сұхбаты жарияланады. Ол беймәлім ұшатын нысан мен оның ұшқышын белгісіз базаға алып барғандары туралы айтқан. Бірақ, тәжірибе нәтижелері әлі күнге құпия сақталып келеді. Тіпті АҚШ билігі мен әскери әуе күштері ешқандай бөгдеғаламшарлық ұшатын нысанның құламағанын, бұл жай ғана метеозондтың күйреуі екендігін айтып, бәрін жылы жауып тастаған. Алайда бұл оқиға төңірегіндегі ғалымдар арасындағы қызу пікірталас әлі күнге толастар емес.

 

(Жалғасы бар). Дайындаған Б.КЕМЕЛ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.