Әлемдiк бәссаудадаµы ең ерекше лоттар

* АҚШ-тың Иллинойс штатының пішініндегі жүгері ұлпасы eBay бәссаудасында 1350 долларға сатылған.

* Джон Леннонның қолы қойылған «Datebook» газетінің 1966 жылғы қыркүйектегі саны үшін Нью-Йорктық дәрігер 12 713 доллар төлеген.

* 1937 жылы жанып кеткен «Hindenburg» дирижаблінің қирандыларының арасынан табылған «Lowenbrau» сырасы 18000 долларға сатылды.

* Американдық «Анахайм Дакс» кәсіби хоккей клубының қақпашысы Йонас Хиллердің баскиімі 21 060 долларға сатылды.

* Англияның Глостершир графтығында тұратын коллекционер 2010 жылғы бәссаудада Уинстон Черчильдің алмалы-салмалы жақ тісі үшін 23 400 доллар төледі.

* 2004 жылы eBay бәссау­дасында содан он жыл бұрын әзірленіп, шеті тістелген ірімшік бутерброды 28 000 долларға сатылды. Оның құнын арттырған – бутербродтағы Қасиетті Мәриямның бейнесімiс.

* Адольф Гитлердің 1924 жылы өз қолтаңбасын қалдырған «Mein Kampf» кітабының көшірмесі 2009 жылы Англиядағы аукционда 34 900 долларға сатылды.

* Adidas фирмасының «Ротейро» футбол добы eBay интернет бәссаудасында 28 050 еуроға сатылды. Бұл доп Англия құрамасының капитаны Дэвид Бекхэм Евро-2004 ширек финалында матч соңындағы пенальтиді Португалия құрамасының қақпасына сала алмағанымен тарихта қалған.

* 1848 жылы түсірілген Манхэттеннің Жоғарғы батыс тұсындағы үйдің суреті Нью-Йорктегі бәссаудалардың бірінде 62 500 долларға сатылған.

* «Титаник» кемесіндегі қолданылмаған құтқару кеудешесі 2008 жылы Нью-Йорктегі аукционда 68 500 долларға сатылды.

* Альберт Эйнштейннің тілін шығарып тұрған әйгілі суреті 2009 жылы Нью-Хэмпшир қаласындағы бәссаудада 74 324 долларға сатылған.

* Одри Хепберннің суреті бейнеленген өте сирек кездесетін марка Берлиндегі аукционда 93 800 долларға сатылды. Бұл марканың бүкіл әлемде тек 5 данасы ғана бар.

* Екіжүзді құдай бейнеленген парсының алтын тостағаны көп жылдар белгісіз бір отбасында кереуеттің астында жатқан. 2008 жылы ол Ұлыбританиядағы бәссаудада 100 000 долларға сатылған.

* Бір кездері Адольф Гитлерге тиесілі болған глобус 2007 жылы Сан-Францискодағы бәссаудада 100 000 долларға сатылды.

* Токиодағы бәссаудада 104 700 долларға сатылған тунец балығының салмағы 127 келі тартқан.

* 2008 жылы Оклахома Ситидегі бәссаудада Калифорниядағы «Сайтан доңғалағы» әткеншегі 132 400 долларға сатылды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.