Алматы облысында ірі есірткі плантациясы табылды

Алматы облысында полиция есірткі плантациясын тауып, екі тоннадан астам егілген марихуананы жойды.

Ішкі істер департаменті қызметінің мәліметінше, 24 шілде күні Кербұлақ ауданы Арқарлы асуына жақын жерде есірткі плантациясы табылды. Марихуана өсірумен айналысқан егістік иесі анықталып ұсталды.

Кейінірек анықталғандай, есірткі плантациясы Алматыдағы ЖШС бірінің 30 жастағы басшысына тиесілі екен. Қазір тыйым салынған өсімдікті егумен заңсыз айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс басталды.

 

Дерексөздер:  stan.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.