• «AMANAT AQYLMAN» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ САРЫАҒАШТА ЖАЛҒАСТЫ

Озық ойлы жастар мен білімді азаматтардың басын бір алаңға біріктіретін «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны Сарыағаш ауданында жалғасын тапты. Бұл жоба «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен жүзеге асырылуда.

«Jastar Ruhy» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы және партияның аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен сайысқа 12 команда қатысты. Зияткерлік додаға партияның Сарыағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Құдірет Қыстаубаев, аудан әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Әйгерім Керімбекова қазылық етті.

— Жастардың тың идеяларын жүзеге асыру үшін «AMANAT» партиясы әрдайым қолдау білдіріп келеді. Аталған жоба миды ширатып қана қоймай азаматтардың ұйымшылдық және ұжымдастық қасиеттерін арттыруға, бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталып отыр. Сондай-ақ ойының тағы бір ұтымдылығы сан сала мамандарының басын қосу арқылы ауданымыздағы білікті, жан-жақты тұлғаларды анықтауға септігі мол. Бүгінгі ойыннан жеңімпаз атанған команда жыл соңында облыстық деңгейде өтетін додада Сарыағаш ауданының беделін қорғайтын болады, — деді Құдірет Ибатуллаұлы.

Интеллектуалды ойын 4 кезеңнен тұрып, қатысушыларға аудан тарихы, өнер саласы, партиялық жобалар мен логикалық сұрақтар қойылды. Тартысқа толы сайыс қорытындысы бойынша белсене қатысқаны үшін «Парасат», «Болашақ», «Кемеңгер», «Арыстанбаб», «Шипагер», «Мұра», «Редакция», «Stars», «Қырандар» командалары марапатталды.

Топ жарғандардың қатарында 3-орынды «СӘТ» медиа-холдингінің қызметкерлерінен құралған «СӘТ ТВ» командасы иеленсе, 2-орын «Атамекен» атты аудандық мәслихат депутаттары қатысқан топқа бұйырды. Интригаға толы өткен ой додасының 1-орынын БПҰ төрағалары, кент және ауыл әкімдерінен құралған «Алға» командасы жеңіп, Түркістан қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды. Жүлдегерлер аудан әкімінің дипломымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.