«AMANAT» партиясы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында республикалық байқау өтетінін хабарлайды.

Байқау бағыттары:

✅ 1. «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» бағыты. Оған республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады;

✅ 2. «Үздік қысқаша мотивациялық бейне» бағыты бойынша барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.) қатыса алады.

✅ 3. «Үздік сурет/плакат» бағытында да оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.) қатысады.

🔴Байқау жұмыстары 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы ұсынылады: almaz.alpysbayev@amanatpartiasy.kz, alpysbayev1983@mail.ru. Өтінімнің скан-версиясын, жұмыстың қысқаша сипаттамасын және партия филиалдарына конкурстық жұмысты қоса беру қажет.

📎Байқау 2 кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздардың жұмыстары қорытынды кезеңге қатысу үшін орталық аппаратқа жіберіледі.

📍Байқау ережелерімен танысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз (байқауға қатысу туралы өтінім үлгісі де бар):
https://drive.google.com/drive/folders/1DOlnSHqldGOaFrbvZU30ZRgILhiv0WlQ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.