«AMANAT» партиясының кеңес отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында кеңес отырысы өтті. Бұл жолғы бас қосу партия жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесінің жұмысына арналды.

Жиында көшбасшы партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы талқыланды.

Қалада салаға жетекшілік етіп отырған басшылар толыққанды есеп берді. Өткен жылы осы мекемелер бойынша көбінесе қандай арыз-шағымдар болды және олар қалай шешім тапты? Азаматтардың сұранысы қанша пайызға орындалды? Осы сұрақтарға жауап берілді.

Нақтырақ айтсақ, отырыс барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, білім басқармасына қарасты Дарын орталығының, Әдістемелік орталығының атқарған жұмыстары бойынша сөз алып, М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі, Саз колледжінің, №69 орта мектебі директорларының есебі тыңдалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.