ANTIKOR.LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРАПТАМА — СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Бұл туралы ANTIKOR ORTALYǴY алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т. Серікбаев мәлімдеді.
Ол нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер туралы баяндама жасады.
Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс және озық халықаралық стандарттары мен бастамаларын жедел енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
«Бұған дәлел қоғам өкілдерін кеңінен тарта отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізу болып табылады.
Осылайша, қоғамдық бақылауды күшейту және заң шығару процесінде мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылды» — деді Талғар Серікбаев.
Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын үйлестірушіні анықтау бойынша ашық конкурс өткізіліп, конкурстық рәсімдер нәтижесінде осы жұмысты үйлестіруге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жауапты болып белгілендігін хабарлады.
Университеттің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы осы институттың тиімділігінің іргетасы ретінде сарапшыларды сапалы іріктеу болып табылады.
Брифинг барысында спикердің айтуынша сарапшылар төрт кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу ережелеріне сәйкес таңдалады:
— конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау;
— құжаттарын қарау;
— үміткерлерге тестілеу өткізу;
— сарапшылар тізіміне енгізу үшін үміткерлермен әңгімелесу.
Объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезең бойынша шешімдер қабылдауды университеттің, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің, Агенттік жанындағы Арнайы мониторинг тобының, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорының, «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының өкілдері және Агенттіктің қызметкерлері қатарынан арнайы құрылған конкурстық комиссия жүзеге асыратын болады.
Сондай-ақ, бұдан бұрын НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қызығушылық танытқан және Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының тиісті оқытуынан өткен 150-ге жуық сарапшы конкурстық іріктеуге қатысып, бақтарын сынайтын болады.
Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға үлесін қосуға ниет білдірушілердің барлығын шақырады.
Толық ақпаратты келесі сілемеден алуға болады: https://www.facebook.com/depshymkent/videos/1012609639161016

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.