АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 8-ШІ СЕКТОРЫНДА ДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР
Қазіргі таңда Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 8-ші секторға жауапты Мақтаарал ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы да өздерінің үлесін қосуда.
8-ші секторға қарасты 5 үйдің құрылысы басталып, 180 үйге жөндеу жұмыстары жасалуда. Ол үшін Шығыс Қазақстан облысынан 10 құрылыс компаниясы келіп, барлығы 320 маман жұмысқа қарқынды кірісіп кетті.
Жалпы Мақтаарал ауданы әкімдігі секторға қарасты барлық тұрғынға өтемақы ретінде берілетін 100 мың теңгеге құжат қабылдау жұмыстарын алғашқылардың бірі болып аяқтап, Арыс қаласының әкімдігіне өткізді. Нәтижелі жұмыс көрсеткені үшін арыстықтар мақтааралдықтарға өз алғыстарын жаудыруда.
Әкімдік секторда жұмыс істеп жатқан мамандар мен тұрғындарды азық-түлікпен, гигиеналық заттармен де қамтамасыз етіп отыр.
Айта кетейік, аудан тарапынан мусоровоз, газель, погрузчик, водовоз сияқты техникалар арнайы бөлініп, 20 адам секторға қарасты аумақты құрылыс қалдықтары мен қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізуде.