АРЫСТЫҚ ТҰРҒЫН АВТОЧЕХОЛ ӨНДІРЕТІН ЦЕХ АШҚАН

Арыс қаласының тұрғыны Жанна Мақсұтқызы көлік орындықтарына арналған жабу тігіп, өз ісін өркендетіп отыр. Жас кәсіпкер 2019 жылы Мемлекеттік бағдарлама аясында 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Қолда бар қаражатқа «JAAC» тігін машинасын сатып алған.

Жиырма жастағы арыстық кәсіпкердің айтуынша, авточехол тігу ісін бастауды біраздан бері жоспарлаған. Ісмерлік қиын болып көрінгенімен, көңіл қалаған іспен айналысу қандай мамандық болмасын жалықтырмайтынын айтады.

Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс артқан. Кәсіпкер қазіргі таңда 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол алдағы уақытта кәсібін ұлғайтуды көздейді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.