Ashyq қосымшасы орнатылды

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» қосымшасын әзірлеген болатын. 

Осы әзірлеген қосымша Шымкент қаласындағы түзеу мекесінеде келді. Әрине бұл қосымша келешекте мекемеге үлкен септігін тигізетіні айдан анық. Өйткені қазіргі таңда індетпен ауырып жатқандар күн-күнге көбейіп келеді.  Сондықтан ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің аумағына кіру үшін  «Ashyq» қосымшасы» арқылы мекеме қызметкерлері, мекемеде жұмыс істейтін ерікті жалдамалар, тағы басқа да мемлекеттік ұйымдар, сотталғандардың жақын туыстары мекеменің кіре берісте орнатылған  QR-кодты сканерлеп Қосымша, өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінетін қатар рейтингін көрсетеді.

Қызыл статус жүріп-тұрудің шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

 Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан (мысалға әуежай) басқа жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Осы статустардың көрсетілуі мекемеге келушілердің карантин уақытында жұмыс істеуге әрі келушілердің жазасын өтеп жатқандарға өміріне қауіп төндірумеуге мүмкіндік береді. Келушінің қолында смартфоны болмаса қосымшада үйге кіруді басқаратын, келушінің мәртебесін ЖСН арқылы немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алатын қызметкерлерге арналған функция бар.

Қазіргі уақытта «Ashyq» мобильді қосымшасын App Store мен Play Market дүкендерінен жүктеуге болады

     И.Амангелді, 

ИЧ-167/3 түзеу мекмесінің Баспасөз қызметінің жетекшісі әділет капитаны.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.