Аспазшы тауып беремін деп ақшасын алып кеткен

2021 жылдың 10 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының  жергілікті жердің 53 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз азамат дәмханасына аспазшы тауып беремін деп, қолма-қол 100.000 теңге және «Каспий банк» ұялы телефон қосымшасы арқылы 110.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алдап алғанын көрсеткен.

 Қаратау аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз аляқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.