Асүйдегі қулықтар
* Жаңа дастархан сатып алсаңыз, үйге келісімен оны сірке суы қосылған сүтке малынған шүберекпен сүртіп алыңыз. Бұл оны тез сынып, жыртылудан сақтайды.
* Нан салғышқа аздап тұз сеуіп қойсаңыз, нанның көгеруінен сақтайды.
* Қаймаққа суға пісірілген жұмыртқаның сарысы мен бір шай қасық қыша ұнтағын салып араластырып жіберсеңіз, майонездің орнына қолдануға болады.
* Егер термоста жағымсыз иіс пайда болса, ішіне екі қасық күріш салып, үстіне су құйыңыз да, аузын жауып, бірнеше рет шайқаңыз. Сосын суын төгіп тастап, ыстық сумен шайып алыңыз.
* Солып қалған аскөкті алдымен ыстық суға, сосын суық суға салып алса, қайтадан жұпар иісі аңқып шыға келеді.
* Картопты суға пісіргенде қабығы жарылып кетпеуі үшін қайнап жатқан суға аздап сірке суын тамызып жіберген дұрыс.
* Етті пісірмес бұрын сірке суына немесе, квасқа, айранға, орамжапырақ немесе қызылша сөліне біраз салып алса, піскенде жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін болады.
* Котлет, балық, ет немесе құймақты пірісгенде түбі жабысып қалмауы үшін табаны алдын-ала шикі жұмыртқаның ақуызымен сүртіп алу керек.
* Тәтті бұрыштың дәндерін тазалаған соң, тастамай жинап, кептіріп қойыңыз. Қыста осы дәндерді тамаққа қосуға болады. Себебі, бұрыштың өзіне қарағанда, дәнінің пайдалы қасиеттері көп және асыңызға керемет жұпар иіс береді.