Атакама шөлі гүл бағына айналды

Чили тұрғындары ең сирек кездесетін табиғат құбылысын түсіріп алды: ғаламшарымыздағы ең құрғақ жер болып саналатын елдің солтүстігіндегі Атакама шөлінде гүл өсіп шықты.  Оның гүлдеуіне өңірде қыс мезгілінде тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болған.

Атакамада кем дегенде 7 жыл сайын ғана өсімдік өседі, алайда тосыннан  жауған жаңбырдың арқасында бұл жер 2 жыл сайын гүлдейтін баққа айналды. Қазір шөлде флораның 200 түрін байқауға болады. Соның арқасында өңірге ағылған туристер саны айтарлықтай артқан. «Қазақпарат».

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.