Аула тазалығы – жастарымыздың назарында

Шымшаһарда сенбілік жұмыстары жалғасын табуда. Бұл жолы қаланы қоқыстан тазартуға «Жасыл ел» жасақтары өз үлестерін қосты. 200-ге жуық жас Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аудандағы көпқабатты тұрғын үйдің аулалары мен саябақтарды, көшелерді күл-қоқыстан тазартуға атсалысты.

Аудан басшысы жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятуда сенбіліктің маңызы зор екенін атап өтті.
–Әр адам өз үйін, ауласын таза ұстаса қаланың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. Сенбіліктің жастарға пайдасы зор. Олар айналаны сыпырып, қоқыстарды жинау арқылы қоғамға басқаша көзбен қарайтын болады. Барлығы еңбекпен жасалатын дүние екенін ұғынады. Деніміздің саулығы шаһардың тазалығына тікелей байланысты. Белсенділік танытқан жастарға айтар алғысым шексіз. Тазалық жанашырларының қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеніміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жатқаны қуантады, — дейді Бұхарбай Парманов.
Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жалынды жастардың көмегімен қаланың күл-қоқыстан тазарту. Жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізуге баулу.
– Екі айлық бағдарламаға жұмысшы топ құрамына 1200 жас қабылданып, белсенді жұмыс жасауда. «Жасыл елдіктер» қатарын негізінен студенттер мен мектеп оқушылары құрайды. Олар ақылы негізде осы жұмыстарды атқарып жатыр. Бағдарлама аясында 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қабылданды. Сонымен қатар, белсене қатысқан жастарға жыл қорытындысы бойынша арнайы сыйлықтар табыстау жоспарлануда, — дейді «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасының үйлестірушісі Абай Андабаев.

Айта кетейік, сенбілік жұмыстары демалыс күндері Шымкент қаласының аудандарында жалғасын табуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.