АЯЗДА СУҒА ТҮСУ ШАРАСЫНДА ҚАНДАЙ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК?

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні провославтық әлемі «Крещение Господне» мейрамын атап өтеді.  Жылда өңірде 3 мұзойық орындары әзірленеді. Атап айтсақ, Төлеби, Арыс, Шардара аудандарында. Жыл сайын бұл оқиға бұқаралық сипатқа ие болып, аталмыш мереке күні суға шомылуға келетіндердің саны артуда.  Суға шомылу орындарында (купель) шомылуға тәуекел еткен әр адам өз денсаулығын кері әсерін тигізбес үшін, денсаулығының жағдайын сауатты бағалау қажет. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров мәлімдеді.

Егер сіз суға шомылу рәсіміне қатысуға бел бусаңыз, онда қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз қажет. Алдымен арнайы жабдықталған және күзетілген орындарда суға шомылу керек. Себебі, бұл орындарда қажет болған жағдайда сізге уақытылы білікті мамандар көмек көрсете алады. «Крещения Господня» мерекесінің қарсаңында Түркістан облысы ТЖД полиция, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады. Іс-шараға жеке құрамнан 18 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылады.

 «Крещение Господне православиялық мерекесін мерекелеу кезінде жазатайым оқиғаны болдырмау үшін, қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Атап айтсақ, суға түсу алдында денені уқалап, жүгіріп, денені қыздырып алу керек; суға түсу үшін ыңғайлы жерден жақындау керек және аяқтың сезгіштігін жоғалтпас үшін аяққа ыңғайлы және жеңіл аяқкиім кию керек. Судан шыққанда түкті сүлгімен сүртініп, ыстық шәй ішіп ала алатын жылы жерге бару қажет. Сондай-ақ, құтқару қызметі мен медициналық қызметкерлер өкілдерінің бақылауынсыз суға түсуге; балаларды ата-аналарының қарауынсыз суға түсіруге;спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға түсуге; өзімен бірге иттер мен басқа да жануарлар алып келуге;қарда және киім шешетін жерлерде қағаз, шиша және басқа да қоқыс қалдыруға жол берілмейді », – деді Б. Жақсылықұлы.

Брифинг барысында, улы газдан уланудың алдын алу және алғашқы көмек бойынша талқылады. Сондай-ақ  жалпы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау және ешкімнің қарауынсыз жалғыз өзі суға шомылуға қатаң тыйым салынатындығын айтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.