Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: Инвесторлар ел экономикасына салмақты үлес қосуы керек

Еліміздің Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ірі инвесторлар алдындағы қабылдаған келісім-шарт міндеттемелері тежегіш фактор болып отыр. Қаншама жылдар бойы көптеген шетелдік компаниялар біздің табиғи ресурстарымызды толығымен пайдаланды.

Шетелдік тауар алпауыттарының Қазақстан экономикасын дамыту мен модернизациялауға неғұрлым белсенді қатысуын, олардың өндірісі мен көрсететін қызметінде Қазақстанның үлесін арттыру мәселесін көтеретін кез келді.

Мәселен, ширек ғасыр ішінде барлық инвесторлар мен шетелдік мердігерлер жұмысшыларды әлемнің әр түкпірінен тартпай-ақ, қазақ жастары үшін қажет мамандар мен менеджерлерді дайындай алады. Тіпті жергілікті кәсіпкерлерге қажетті құрал-жабдықтар өндірісін құруға көмектесе алады.

qazaquni.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.