Б.ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты: Астананың оқушыларына “презерватив” таратып отырғанда…

Қазақстандағы жастар жұмыс, кәсіп дегенде, оған өмірінің мәні ретінде емес, тек ақша табудың көзі деп қана қарайды. Ал негізі кәсіп адам өмірінің мәні болуы тиіс емес пе? Қазіргі жастардың ойы Астанаға келіп, мемлекеттік қызметке орналасу, яғни жастардың санасынан жасампаздық деген нәрсе кетіп бара жатыр. Жастар оқуға ынталы емес, көбі келешек мамандығын таңдаған кезде ағайын-туысқанның кеңесіне құлақ асады, жалпылама стереотиптерді негізге алып, таңдай салады. Жастардың оқу процесіне формалды қарайтыны жасырын емес, әйтеуір бір диплом алсам болды деп қарайды.

Ажырасудың көбеюін айтып жатсыздар. Қазақ айтады “қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман” деп. Осыны санасына сіңіруге бола ма, болады. Бірақ, өкінішке қарай, Астананың оқушыларына “презерватив” таратып отырғанда мыңқ етпеген Білім және ғылым министрлігінің иманды ұрпақ өсіруге бет бұратынына күмәнім бар.

qamshy.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.