Б.ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты: Осыған тоқтау салу керек
Ұлттың арын саудаға салған бағдарламалар көбейді. Осыған тоқтау салу керек. Қауым боп күресу керек. Сонымен күресем дегендерге жабылғанды қою керек. Қыздығын саудалап, қазақ қызының эфиргешыққаны масқара екенін бәріңіз біліп отырсыздар ғой. Ойбай, бәрі ашық болу керек, өз ойымды айту керек дейді. Атаңның басына ашық боласың ба? Ұлтты ұлт қып сақтайтын нәрсе – рұқсаттар мен тыйымдар. Қазақ өзінен бай, көп орысқа неге жұтылған жоқ. Өйткені, оның бойында иманы, иммунитеті болды. Көрші елдер не дейді? Қырғызың бар, қытайың бар бәрі ертең саған «қазақтың қызы пәктігін сатады» деп айтады. Бұл масқараға ұлттың алдында жауап беру керек.
stan.kz