Б.ТҰРЫС: Ел мен Жердiң иесi кiм?

Байырғы бабаларымыз да ел болуды, өзгелермен терезесі тең болуды көк­седі. Ұрпағына ұлан-байтақ қоныс, ұлағатты өсиет-өнеге қал­дырды. Ата-бабаларымыздан қы­ран ұшса – қанаты талатын, құлан жортса, тұяғы тозатын қиялда ғана болатын қиян өлке қалды. Яғни, көктегі құс пен жердегі аңға дейін – қазақтың ұлттық байлығы. Ащы болса да ашығын айтайық, өкінішке қарай, дархан даланың ұлы мұрасы түгел тоналып болды…
Көзіміз көрген соң аң мен құстың жоғалғанын сөз етеміз-ау! Ал же­расты байлығы­мыз – мұ­найымыз бен ураны­мыз, алты­ны­мыз бен күмісіміз қай­да? Ол ол ма, ата-бабам ұр­па­ғына мұраға қалдырған қасиетті Жердің өзін «саудаға салғымыз» келгені ше? Кешіріле ме мұнымыз? Сатқанды былай қойып, жалпыға ортақ құндылықты қалталылардың жекеменшік етіп, басыбайлы ие­ленуге қақы бар ма еді? Ел мен Жердің иесі кім?

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.