Б.ТҰРЫС, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кiм жанын салып күресуi керек?

Қазір сенің ақиқатыңның да, шындығыңның құны да бұл күнде бір тиын. Айғайшылар мен ұркеппелер көбейген заманда бір нәрсені дәлелдеймін дегенің бекер. Азаматтық парызым ғой деп айтасың, бірақ оған құлақ асып жатқан тірі пенде жоқ. Бүгінгілердің көпшілігі еңкейіп кіріп, шалқайып шыға келетіндер, бетіңнен алып, төсіңе шауып шаптығып тұрғанды көргенде, кәдімгідей қартайып қаласың. Одан бөлек, дастарханның басында бәрі данышпан, көшеге шықса – көсем, жиынға түссе – шешен, жарқыраған «адам-сүсіндер» көбейді. Ұлт туралы, тіл мен діл қасіреті туралы әңгімеге келгенде, бәрінің дауысы шықпайды. Қоғамда болып жатқан жайттарға байланысты азаматтық көзқарасың болмаса, үн қатпасаң, сен кімсін? Адамсың ба өзі? Біз айтпасақ, сіз айтпасаңыз, мына қоғамды кім түзетпек? Кім жанын салып күресуі керек?

«П»

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.