Бақыт рецептісі сатылды

Белгілі ғалым Альберт Эйнштейннің бақытты өмірге жету жолдары жайындағы жазбасы Иерусалимдегі аукционда 1,56 млн долларға сатылды. Ол жазбаны Эйнштейн 1922 жылы Токио қонақүйлерінің бірінде шайпұл орнына мейманхана қызметшісіне берген көрінеді.

Нобель сыйлығы берілгені жайында жаңа ғана хабар алып отырған ғалым қызметшіге қағазды ұсына отырып, бұл қағаздар адамға ақшадан гөрі әлдеқайда көп дәулет әкелетінін айтады. Онда неміс тілінде үнемі табыстың артынан қуу мен тағатсыз болуға қарағанда жайбарақат әрі сыпайы өмір сүру көбірек бақыт әкелетіні жазылған.

«Виннер» бәссауда үйінің өкілінің айтуынша, жазбаны өз есімін жариялауды қаламаған еуропалық бір адам сатып алған.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.