БАЛАЛАР ЖОЛДАН АЛАҢДАМАЙ ӨТЕДІ

Үшінші мегаполисте қала орталығынан шалғай орналасқан білім беру мекемелерінің жанында қауіпсіздікті сақтау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда Бозарық тұрғын алабы мен Бозарық саяжайында орналасқан білім беру мекемелерінің қасынан өтетін жолдың бойында Қаратау аудандық әкімдігі мен полиция департаментінің мамандары қауіпсіздік белгілерін, жылдамдық кедергісін орнатты, жаяу жүргіншілер жолағын сызды.

Ұлағат көшесінің бойындағы №57 мектептің алдынан ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу мақсатында жол белгілері және жасанды жол кедергісі орнатылды. Сонымен қатар, Ұста-Мухамад, Бостандық көшелеріне 8 аялдама орнатылды. Қазіргі таңда тұрғын алабтағы орталық көшелермен ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Тиісті жол белгілері орнатылып, полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.