«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Абай Құнанбаев мектебінде «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Баланы мекепке даярлайық!» акциясы өз жалғасын тапты. Шараға партияның Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Л.Сулайманов қатысты.
Акция барысында Қаратау ауданына қарасты 30 отбасының баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмке сыйлады. Аталмыш акция бойынша парияластар және мәслихат депутаттары әр аудан бойынша өздеріне қарасты көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етуде. Бұл акция айдың соңына дейін жалғасатын болады. Биыл Шымкент қаласы бойынша мыңнан аса баланы мектепке даярлау жоспарда бар.
Қала тұрғыны зейнеткер Ерғали Құрмашевтың айтуынша, бүгін оның немересі де мектепке қажетті сөмкені сыйға алған. Ақсақалдың 11 немересі бар және олардың барлығы осы Абай Құнанбаев атындағы мектептің оқушылары екен.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.