Бейбіт САРЫБАЙ, жазушы: Қаншалықты жаңғырдық?

Әйтеуір, отын жарып, су әкелсек те, ас ішіп болғасын жарымыздың жанына жата кетсек те, бәрі рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іске асатын болыпты. Жаңғырудан көрі, шама-шарқымызша жаңғырып жатырмыз деген есеп әйтеуір.

Әйтпесе, жаңғыру дегеніңіз есі кеткен эстрадаға еліге бермей, бір уақ есіңді жиып, етегіңді жауып, төл өнеріңе тамыр тарту емес пе?!

Жарасханша айтсақ, «Газет-журналды парақтасақ та, теледидарды қарап қал­сақ та» осы бай-

ғұс ұшып жүреді, ала-өкпе болып. Киінбек болып шифонердің есігін, түсте тамақтанбақ болып тоңазытқыштың есігін ашсақ та, абайлап ашатын болдық. Ашқан бетте осы бір алақанат құс

ұшып шығардай сезінесің.

Бұ байғұсты анда да ұшырдық, мында да ұшырдық. Енді әуелі өзіміз, содан кейін барып жан-жағымызға қарайықшы. Қаншалықты жаңғырдық?

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.