Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты: Мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайтындар – ҚҰЛДЫҚ санадағы ТЕКСІЗДЕР!
Өзінікін қор, өзгенікін зор санайтын сананы – біз отарлық сана дейміз. Соның негізі әлі бізде кетпегендіктің белгісі.
Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері ширек ғасыр уақыт өтсе де, баяғы жартас – сол жартас күйінде. Елімізде қазақ тілін білмей-ақ, кез келген жоғары лауазымдағы «креслоға» емін-еркін жайғасуға болады.
Конституциямызға қайшы келеді. Ана тілді білмесең, сен жұмыс істемейсің деген сөзді айта алмаймыз. Демек, бұл мәселе заңмен ғана реттелмейді. Ал ата заңымызға өзгеріс енгізу үшін үлкен сілкініс қажет. Сондықтан, бұл мәселе әзірге әр адам, әрбір шенеунік болсын, оның сана-сезімі мен ар-ожданының еншісінде.