БІЛІМ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 15 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс аумағында жаңадан салынған тағы 29 білім ұясы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы бойынша жалпы 78 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың дені бала саны көп, тұрғындары тығыз орналасқан ауылдарда бой көтерді. Жаңа мектептер заманауи роботехника, ІТ-технологиялар кабинеттерімен жабдықталған.
Жаңадан ашылған білім ұялары Сауран, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Бәйдібек, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласының әкімшілік – іскерлік орталығында орналасқан. Жаңа оқу жылында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде №58 Ә.Марғұлан атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық білім ошағы жаңадан пайдалануға берілді. 2 гектар аумақта орналасқан жаңа ғимаратта оқу орнымен қатар спортзал, асхана және шеберханалар орналасқан.
Жаңа оқу жылында өңірде 50 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табылдырығын аттады. Бір ғана Сарыағаш ауданында бүгін 3 мың бала алғаш рет мектепке барды. Ауданда 60 мыңдай оқушы білім алады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.