Бір күнде – екі ұтыс!

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында тұратын көпбалалы ана бір күнде екі рет лотерея ұтысына ие болды. Ол таңертең 10 мың доллар ұтыстың иегері атанса, түстен кейін екінші рет бағын сынап, тағы бір миллион долларға қол жеткізді. 

Лотереяның ұтыс ережелеріне сәйкес, өкінішке орай, мұндай ірі көлемдегі ұтыс ақшаны бірден алу мүмкін емес. Сондықтан, ұтыс иесіне ақшаны ай сайын 50 мың доллардан 20 жыл бойы алып тұру не бірден қолма-қол 600 мың доллар алу ұсынылған. Ол екінші нұсқаны таңдапты. Тиісті табыс салықтары ұсталған соң, жолы болғыш әйелдің қолына 420 мың доллар тиген. Қазір көпбалалы ана бұл ақшаның бір бөлігін балалаларының біліміне жұмсап, қалғанын инвестиция жасауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.