Бiз экстремизм мен терроризмге қарсымыз

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2018 жылы қыркүйек айында Шымкент қаласындағы «Жастар» аллеясы мен Қызғалдақ субұрқағы жанында белсенді жастардың қатысуымен «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» тақырыбында эстафеталық флэшмоб өтті.

Іс-шара барысында спорт шеберлері, қоғамдағы белсенді жастар экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зардаптарын айта отырып, өздерінің зайырлы қоғамның жастары екенін көрсете білді. Жастар өздерінің ойларын айтып, лаңкестік іс-әрекетке қарсылықтарын білдірді. Іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне белене қатысқан студент жастар, қоғамдық ұйымдар, «Дін мəселелерін зерттеу орталығының» мамандары көп көңіліне қонарлықтай әсер қалдырды. Іс-шара барысында өзге ағымдарға кетпеу туралы жастарға үндеу жасалды. Алдағы уақытта акция Түркістан облысының аудандарының жастары арасында жалғасатын табатын болады.

Іс-шараның тақырыбын ашу мақсатында «Ақ пен қара» атты діни танымдық, жан жылытар, тәрбиелік маңызы зор театрландырылған көрініс көрсетілді. Өз кезегінде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшысы жастарды діни сергек болуға шақыра отырып, интернет ресурстарындағы діни сипаттағы діни материалдарды жүйелі пайдалану қажет екендігін айтты. Орынсыз, жүйесіз әлеуметтік желілерде діни материалдарды пайдалану, сақтау қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын ерекше атап өтті. Жастарды зайырлы қоғамда зайырлы тұлға болуға шақырды.

Облыстық «Біз, жастар діни экстремизмге қарсымыз!» атты эстафеталық флэшмоб Түркістан облысы аудандарының белсенді жастарына жолданған болса, арада апта өтпей жатып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасында флешмоб өтті.

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған бұл іс-шара мазмұнды да, тартымды болып өтіп, жастардың қызығушылығын арттырды. Жастарға берері көп болған бұл эстафета Мақтаарал ауданынан Шардараға жолданды.

Е.ТӘЖИЕВ.

 

«Қазақстан жолы» газеті, №37 (682) 06.10.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.