Бизнес әлемі туралы қызықты мәліметтер
* Ең бірінші Колгэйт тіс пастасы шыны шөлмекте сатылған.
* Стив Джобс: «Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы атау ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атай саламын» деген.
* Nike белгісінің дизайны небәрі 35 долларға жасалған.
* Жұмыстың өнімділігі сейсенбі күні артады.
* Мейрамханалардың 90%-ы жұмыс істеген алғашқы жылы шығынға ұшырайды.
* Duracell батарея өндіруші зауыты өзінің жаңа халықаралық кеңсесін өз өнеркәсіптерінің қалдық материалдарынан тұрғызған.
* 2004 жылы Жапон Балмұздақ Ассоциациясы балмұздақ танымалдылығын арттыру мақсатында «шикі балмұздақ», яғни шикі етті араластыра отырып жасалған балмұздақ шығара бастаған.
* Microsoft корпорациясы бірінші жылы $16 005 табыс тапқан.
* Мұнай алпауыты Джон Рокфеллер әлемдегі ең бірінші миллиардер болып табылады.
* Sony компаниясының алғашқы өнімі – асүй плитасы.
* Жапония мейрамханаларында шайпұл берілмейді.
* Walt Disney компаниясы күніне шамамен 120 000 келі қоқыс қалдығын шығарады.
* Yahoo алғашында «Әлемдік ғаламтордың Джери анықтамасы» деп аталған.
* M&M кәмпиттері Mars&Murrie деген мағына береді.
* Apple-дың бірінші логотипінде Исаак Ньютонның суреті бейнеленген болатын.
* Macintosh – АҚШ-та сатылатын Стиб Джобстың сүйікті алма сұрыбы.
* «American Airlines» компаниясы бірінші дәрежелі жолаушыларының тамағынан бір ғана зәйтүнді алып тастау арқылы 40 000 доллар ақшаны үнемдеген.
* «Haррy birthday to you» әні – авторлық құқықты қорғауға алынған әуен.
* Бір текше метр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш таяқшасы жасалады.
* Tide-тың сатылымы әлемдегі киім жуу ұнтақтарының 70 пайызын қамтиды.
* Қытай мақал-мәтелі: «Кімде кім күлімсірей алмайтын болса, ол адам сауда-саттықпен айналыспауы тиіс.