Бизнес әлемі туралы қызықты мәліметтер

* Ең бірінші Колгэйт тіс пастасы шыны шөлмекте сатылған.

* Стив Джобс: «Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы атау ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атай саламын» деген.

* Nike белгісінің дизайны небәрі 35 долларға жасалған.

* Жұмыстың өнімділігі сейсенбі күні артады.

* Мейрамханалардың  90%-ы жұмыс істеген алғашқы жылы шығынға ұшырайды.

* Duracell батарея өндіруші зауыты өзінің жаңа халықаралық кеңсесін өз өнеркәсіптерінің қалдық материалдарынан тұрғызған.

* 2004 жылы Жапон Балмұздақ Ассоциациясы балмұздақ танымалдылығын арттыру мақсатында «шикі балмұздақ», яғни шикі етті араластыра отырып жасалған балмұздақ шығара бастаған.

* Microsoft корпорациясы бірінші жылы $16 005 табыс тапқан.

* Мұнай алпауыты  Джон Рокфеллер әлемдегі ең бірінші миллиардер болып табылады.

* Sony компаниясының алғашқы өнімі – асүй плитасы.

* Жапония мейрамханаларында шайпұл берілмейді.

* Walt Disney компаниясы  күніне шамамен  120 000 келі қоқыс қалдығын шығарады.

* Yahoo алғашында «Әлемдік ғаламтордың Джери анықтамасы» деп аталған.

* M&M кәмпиттері Mars&Murrie деген мағына береді.

* Apple-дың бірінші логотипінде Исаак Ньютонның суреті бейнеленген болатын.

* Macintosh – АҚШ-та сатылатын Стиб Джобстың  сүйікті алма сұрыбы.

* «American Airlines» компаниясы бірінші дәрежелі жолаушыларының тамағынан бір ғана зәйтүнді алып тастау арқылы 40 000 доллар ақшаны үнемдеген.

* «Haррy birthday to you» әні – авторлық құқықты қорғауға алынған әуен.

* Бір текше метр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш таяқшасы жасалады.

* Tide-тың сатылымы әлемдегі киім жуу ұнтақтарының 70 пайызын қамтиды.

* Қытай мақал-мәтелі: «Кімде кім күлімсірей алмайтын болса, ол адам сауда-саттықпен айналыспауы тиіс.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.