«БОЛАШАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ МҮШЕЛЕРІМЕН ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Amanat» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Болашақ» бастауыш партия ұйымының ұжымымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау жиыны өтті.
Жол-көлік колледжінде өткен жиынға «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан Қалмаханұлы, колледж директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызы «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы Тойлыбаева Жанар Жорақызы және партия мүшелері, студенттер қатысты.
Жиында алғашқы болып сөз алған Гүлзат Үкібайқызы Президент жолдауындағы 5 бағытқа жеке – жеке тоқталып, жолдауда қозғалған негізгі бағыттардың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңыздылығы жайлы баяндама жасады. Келесі спикер бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанар Жорақызы мен Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы жарыссөзге шығып, жастарға кәсіптік бағдар беру бойынша аймақ мектептерімен байланыстар орнатып, мамандықтар туралы және ғылым жайында түсініктер беріп, көмек көрсету, жолдауда қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындау жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, сындарлы саясат жүргізе алатын, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын бәсекеге қабілетті маман кадрларды тәрбиелей отырып, елдің экономикасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге күш салу қажеттігі жайлы айтылды.
Жиын соңында «Болашақ» бастауыш партия ұйымының бірқатар мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.