Бүгін Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылады
«Союз-2.1а» зымыран тасығышын бүгін Мәскеу уақытымен сағат 9:36-да Байқоңырдан ұшыру жоспарланып отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Главкосмос» операторының өкілі алғашқы бес спутник 600 шақырым биіктікке көтерілетінін және уақыты 3 минутқа созылатынын айтты. Ол Мәскеу уақытымен 12.02-де ұшырылады. Осыдан кейін 19 аппаратқа кезек беріледі. Орташа орбитадан 470 шақырым қашықтыққа қалған 48 кіші спутниктер ұшырылады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Дерексөздер qamshy.kz