Д.ЕСПАЕВА, Мәжіліс депутаты: …799 зорлау дерегi тiркелген

Депутат және әйел ретінде заң жүзінде зорлаудың кез келген түрін ауыр қылмыстардың қатарына жатқызуды, осылайша айып мер­зімін ұзартып, мер­зімнен бұрын шартты босату мүм­­­­кіндігінен айыруды сұраймын. Мұн­дай қылмысқа қатысты сот ісінде адамгершілік қағидалары қарастырылмауы тиіс. Мен және фракция бойынша менің әріптестерім тиісті заңға осындай түзетулер дайындаймыз.
Екі жолсеріктің ауыр жазадан сытылып кеткеніне налимын. Сондай-ақ, педо­филдерге қарастырылған химиялық кастрация жазасын бірнеше рет әйел зорлағандарға да қатысты қолдану керек. Ресми дерек бойынша, биылдың өзінде елімізде 799 зорлау дерегі тіркелген.

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.