Далалық дағды шеберлікке үйретеді

Бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын тексеру және жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру мақсатында Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының бөлімшелерімен далалық шығу өткізілді.

 Заманауи ұрыста жеңіске жетудің міндетті шарты жеке құрамның жоғары далалық дағдысы, оның жауынгерлік және арнайы техниканы барынша тиімді пайдалана білуі, сондай-ақ барлық әскери қызметшілердің жоғарғы моральдық-жауынгерлік қасиеттері мен олардың психологиялық дайындығы болып табылады.

Далалық шығу кезінде анықтау және бағдар беру офицерлері, нысанды қолмен алып жүру операторлары, басып алу офицерлері тәжірибеде өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдады. 20-дан астам ӘҚК жауынгерлік және арнайы техникасы жұмылдырылды.

Оқыту барысында жеке құрам шартты қарсыластың ұшу аппараттары мен зымырандарын имитациялайтын жылдам ұшатын шағын өлшемді нысаналарды анықтау, сүйемелдеу және табу бойынша жаттығуларды орындады.

«Бір апта бойы жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы бөлімшелерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін іс жүзінде пысықтады, батальонды үйлестіру бойынша жоспарлы сабақтар өткізді, оның барысында күн сайын практикалық нормативтерді пысықтаумен арнайы дайындық бойынша жаттығулар өткізілді», — деп атап өтті батальон командирі майор Дарын Арман.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.