Дәрігерлердің ұсынысы назарға алынады

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онлайн форматта өткен отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Бекайдар Тулегенов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызы, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес отырысын аталған кеңестің төрағасы Есенбек Серкебаев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 28-шілдесінде бірқатар емханаларға мониторинг жасау барысында мекеме басшылары көтерген проблемалық сұрақтарды талқылау және қала әкімдігіне ұсыныс беру болды.

Айта кетейік бұған дейін аталған кеңес қаладағы №3 қалалық емхана, ASEM CLINIK медициналық орталығын, №5 қалалық емхана және №7 қалалық емханаларды аралаған болатын. Аралау кезінде аталған емханаларда тұрғындардың екпе қабылдауына барлық жағдай жасалғанына көз жеткізілген.

Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты медицина мекемелерінің басшыларының пікірлері мен ұсыныс-тілектерін тыңдау кезінде ақ халатты жандардың проблемалары көбейгенін байқаған. Мобильді топтарды көлікпен қамтамасыз ету емханалардың өздеріне жүктеліп отырғаны да қынжылыс тудырады. Мұндай жүктемеге моральдық және физикалық тұрғыдан шаршаған кейбір мамандар жұмыстан шығу туралы шешім қабылдауға әзір тұр. Пандемия басталғалы бері салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мекемесінің белсенді жұмыс істегені байқалмады. Тиісті ақпараттық насихат жұмыстарын неге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары жүргізбейді?

Осылай деген кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев дәрігерлердің бұл жанайқайын жіті талқылап, ретке келтіріп және оң шешімін табу мақсатында денсаулық сақтау басқармасының басшылығына ұсыныстар айтылды. Алдағы тамыз айында жоспарланған кеңес отырысында аталған жайттардың зерттеліп, зерделеніп орындалғаны жөнінде есебін беретін болады.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Тулегенов емханаларда бүгінгідей күрделі кезеңде үйлесімді жұмыс атқаруы тиістігін айтып, партия филиалы және фракция тарапынан барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.