Дәстүрлi дiн мен кереғар ағым тамырлас емес

Бүгінгі біздің қоғамның басты мұраты – дінаралық татулығымыздан ажырамаудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану мен кереғар ағымдардың алдын алу болып табылады. Өйткені қазір жат ағымды, жат тәрбиені уағыз­даушылар қатары артып отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының өзі айтқандай: «Екі нәрседен – діни дүм­шелік пен діни фанатизмнен сақтану керек». Қалай болғанмен де ислам құндылықтарын бүтіндей теріске шығаратын ағымдарға төзімсіздік танытып, қарсы ақпаратық іс-әрекетке көшкен дұрыс. Бұл жұмыстар зиянды ағымдар ретінде танылған теріс топтың күшейіп, бел алып кетуіне жол бермейтін болады. Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан түрлі іс-шараларда негізінен осы мәселелер көтеріліп, бүгінде қарқынды дамып, әлемге өзінің жетістіктерімен танылып қалған тәуелсіз елімізде әсіредіншілдерге мүлде орын жоқ екені де баса айтылуда.

Бұл ретте әрние, ғаламторды жүгендеудің, ондағы теріс діни мәліметтерден, уағыз-насихаттардан жастарды сақтандырудың маңызды екені белгілі. Аудандарда өтіліп жатқан іс-шаралардың көпшілігінде жастардың жадына ғаламтордың жау екендігі, аңдамай басқан бір қадамның адасушылыққа алып келетіні үнемі айтылып-ақ жатыр.Сондықтан жастарымыз «Әлеуметтік желіде қалай жұмыс жасаймыз?» деген сауалға бейжай қарамай, теріс ақпараттарды оқуда барынша абай болуы керек.

Жуырда Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығында» Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, қала әкімінің орынбасары С.Расұл мырзаның қатысуымен әлеуметтік желі белсенділері мен блогерлер арасында жиын өтті.

Жиынды қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғ.Тойшиев жүргізіп отырды. Кездесуде орталық қызметкері М.Мамуджанова ютуб парақшасын қалай ашу керек екендігін түсіндірді. Келесі кезекте Р.Алимбекова əлеуметтік желіде рулық, топтық, тектік, діни алауыздықтарды қоздыруға болмайтындығы туралы айтып өтті де, оған байланысты заңнамалармен таныстырды.

«Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігі тарапынан жиынға қатысушыларға жазу құралдары таратылды. Жиын соңында Ә.Абдуллаев мырза мен Б.Самуратова, А.Ботабековалар марапатталды.

Сонымен қатар діни ағымдар мен сек­талар іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Ал Арыс қаласында өңіріміздегі ынтымақ пен бірлікті, татулығымыз бен достығымызды одан әрі нығайтуды насихаттайтын кезекті іс-шара өткізілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Е.Альфатаев ауыл жастарына діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің қауіптілігі, олардан сақтану жолдары туралы әңгімеледі. Жиналыста дінтану пәнінің мұғалімі Л.Оразбаева діни экстремизмнің себептері мен зияндылығы турасында сөз қозғады.Сонымен бірге жастарға дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында дін туралы мәліметтер берілді.

 

Дайындаған: Е.Тажиев.

«Қазақстан жолы» газеті, №41 (686) 09.11.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.