ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ

Жуырда облысымызда облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиындар өтті. Өңіріміздің Арыс қаласы мен Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара, Қазығұрт жəне Төлеби аудандарында ұйымдастырылған шараларға облысымызға танымал дінтанушы-теологтар, беделді спортшылар, мәдениет майталмандары мен зиялы қауым өкілдері, ҚМДБ-ның облыстық филиалдарының имамдары және өзге де сала өкілдері қатысты.

Мәселен Шардара ауданы «Абай» Мәдениет сарайында өткен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» көшпелі жиыны аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевтің төрағалығымен өтіп, оған аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық-түсіндіру топтары, аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала және ауылдық округтердегі ауыл билері, қала, ауыл әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты–халқымыздың дәстүрлі рухани мәдениетін дәріптеу, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау. Рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күресудің жолын түсіндіру болып табылады», — деді Б.Шомпиев.

Жиында облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары М.Бесбаев  дін саласындағы мемлекеттік саясатқа жан-жақты талдау жасады. Жарыссөзге шыққан аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Қ.Садықбековтер бүгінгі жас ұрпаққа ата дәстүрді ардақтата білу жолында көпшілікті бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ көпшілікке ұсынылған жат ағымға кіріп, ақырында түрмеде отырып, өз ісіне өкініш білдірген жандардың талайлы тағдыры турасындағы бейнероликтер де көрермендерді бей-жай қалдырмайды.

Жиын соңында аудан әкімі орынбасары осы керуенді ұйымдастырып, халықтың ортасына кеңінен насихат жұмыстарын жүргізген азаматтарға ел алғысын жеткізді.

Төлеби ауданында өткен көшпелі жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсенбаев жүргізіп отырды. Сондай ақ, жиынға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары М.Беспаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытхановамен қатар Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ауданның бас имамы С.Анарбаев қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданына да келіп, кездесуді Келес ауданының әкімі А.Есбаев ашып, жүргізіп отырды.

Ал Сарыағаш ауданы, Мәдениет сарайында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы аясындағы кездесуде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары М.Бесбаев баяндама жасады. Жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің бас инспекторы Е.Мұстафа да қатысты.

Жиын барысында облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» тарапынан арнайы дайындалған «Тәлкекке түскен тағдырлар» видиоролигі көрсетіліп, облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу тақырыптарында тұшымды ойлар мен пікірлер айтылды.

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі іс-шара өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов жүргізген жиынға Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов және аудандық мәслихаттың депутаты М.Қалменов, қала, аудандық терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы мен мүшелері, қала, аудан бойынша дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, имамдар қатысты. Жиын соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс, пікірлер айтылып, өзекті мәселе турасындағы пікіралмасу да көпшіліктің көңілінен шықты.

«Қазақстан жолы» газеті, №44 (689) 30.11.2018 жыл.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.