Денсаулық. Қан қысымын төмендететін қоспалар

Асқабақ пен лимон
2 лимон + 1 кг асқабақ + 1 кг қант. АСқабақтың жұмсақ еті мен лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосамыз да, жақсылап араластырамыз. Тамақтанар алдында 1 ас қасықтан ішу керек. Қоспаны тоңазытқышта сақтаймыз. Қанттың орнына бал қосуға да болады.

* Сарымсақ пен алма сіркесуы
1 бөлік сарымсақ + 1 шай қасық алма сіркесуы + 200 мл су. Күн сайын ашқарынға ұсақталған сарымсақты жеп, артынан алма сіркесуы қосылған 1 стақан су ішіп тұрыңыз.
* Бал мен лимон қосылған қызылша квасы
1 кг қызылша + 3 л су + 3 ас қасық алма сіркесуы + азырақ табиғи бал және лимон. Шикі қызылшаны ұсақ көзді үккіштен өткізіп, 3 литрлік банкіге саламыз да, үстінен жылы қайнаған су құямыз. Оған алма сіркесуын қосып, бетіне дәке жабамыз. 3 күн тұндырамыз. Емдік қоспаны 100 мл-ден күніне 3 рет тамақтың алдында, 1 шай қасық бал мен лимон шырынын қосып ішеміз. Емдік курс – 2 ай.
* Қызылша мен бал қоспасы
200 г бал + 300 мл қызылша шырыны. Қызылша шырынын сұйық балмен араластырамыз. 1 ас қасықтан күніне 4 рет тамақтың алдында ішу керек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.