Депутаттарға жасалған жағдай ханның жағдайындай емес пе?

Ертай Айғалиұлы,«Қазақстан ZAMAN» газетінің Бас редакторы

Депутаттардың көбісінің табансыздығы, халықтың талаптарын аяғына дейін орын-дамайтындығы, «сен тимесең, мен тимендігі», жауапкершіліктің аздығы, жалпақшешейлігі бізді де, халықты да қынжылтады. Әйтпесе оларға жасалған жағдай ханның жағдайындай емес пе? Жақында ғана айлықтарын 1 млн. теңгеге жеткізді. «Бұрын қолымызда аса зор билік жоқ» деп ақталатын. Енді Президентіміз өзіне тиесілі пәрменді билік тегершіктерін үкіметке, парламентке бөліп берді. Бұдан артық енді қандай жағдай жасау керек?
Депутаттар елді араламайды емес, аралайды. Бірақ ол қолдан жасалған жасанды кездесулер. Жергілікті әкімшілік елге барған депутаттарды жақсы, жайлы жерлерге апарады. Қазір не көп, ел ішінде проблемалар жетерлік. Халықтың дені өз депутаттарын білмейді. Оларға наразы.

Сайлауға қатысушы үміткерлер мемлекеттік тілді білмесе, ол жерге жолатпау қажет. Сондай-ақ, үміткердің өмірлік тәжірибесіне, отаншылдығына, белсенділігіне, тіптен, ұлтшылдығына да ден қою керек сияқты. Әйтпесе депутаттардың арасында төрт жыл бойына үнсіз кететіндер де кездеседі.

«ҚЗ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.