ДІНИ АХУАЛДЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

Діннің пайда болуы қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша 40-50 мың жыл бұрынғы тас дәуіріне жатқызылатындығы айтылады. Бүгінде мәдени ескерткіштерге, жан-жануарларға табыну белгілері ежелден келе жатқан дінге жатқызуға болады.
Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дін де дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм немесе тотемге табыну.
Тотемизм – адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы.
Сонымен қатар түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары — әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес.
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер Ғұн заманынан белгілі. Ғұндардың императорын тәңірқұты, қытайша «шанью» деп атады. Ғұн патшасы тәңірқұтыны «Аспан ұлы», «Аспан мен Жерден жаратылған, Күн мен Ай таққа әкелген, ұлы тәңірқұты» деп атаған.
Қазіргі таңда әлемдік діндерге – буддизм, христиандық, ислам жатады. Бұл діндерді әрқайсысын қазіргі кезде әлемнің миллиардтан астам халықтары ұстанады. Бұл діндер бірнеше материктерге тараған. Осы діндердің ішінен жүз миллионнан астамнан адамдар ұстанатын басқа діндер «конфессиялар» бөлініп шыққан. Мысалы, христиан әлемі католик, православие және протестанттық конфессияларға бөлініп кеткен. Ал протестанттықтардың өзі миллиондаған адамдардан тұратын ондаған конфессияларға және секталарға бөлініп кеткен.
Әлемдік діндердің негізін қалаушы Будда, Иисус Христос, Мұхаммед сияқты нақты тарихи тұлғалар болған.
Буддизм алғашында монахтардың діні болды. Кшатрилердің әскери касталарының талабын қанағаттандырды. Бірақ Будданың ілімі кейіннен қатты дамыды. Буддизмнің негізгі бастаулары әртүрлі және көп. Олар ежелгі санскрит, тибет, маньчжур, қытай, жапон тілдерінде болды және бір-бірінен өзгешеліктері білінді. Будда дінінің жүйеленуі Гаутама Буддаға байланысты болды.
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Христиан ілімі. Алғашқы христиандарда алғашқы діни ілім қалыптаспады. Христиандық оның догматтары қалыптасқанша, бірнеше ғасырлық жолдан өтті.
Ислам дінінің пайда болуы Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылык) — ең жас әлемдік дін.
Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. Мұсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мұсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі.
Жалпы тарихи жағынан Ислам VІІ ғасырда Араб халықтарының алғашқы қауымдық кұрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.
Ислам діні шыққанға дейін Алла (Аллаһ) деген Құдайға бас иген, бірақ бұл ұғымды арабтар қатардағы бір Құдайлардың есебінде қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Құдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Құдайлардың бейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мұхаммед пайғамбардың тұсында «Аллаға» жеке Құдай түсінігі берілді. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күш» — Алла еді. Міне, сол себепті ислам дінінің шығуы тікелей Мұхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.
Бүгінгі күнде қоғам өміріндегі діннің рөлі айтарлықтай ұлғайды, даму үрдісінен өтті. Сәйкесінше, еліміздегі діни бірлестіктердің де саны жылдан-жылға артуда. Қазіргі күнде елімізде әділет органдарына тіркелген 18 конфессияның мүддесін білдіретін 3700-ден астам діни бірлестіктер заңды қызмет атқарып отыр.
Мемлекет тарапынан іске асырылып отырған дін саласындағы дәйекті саясаттың арқасында сақталып отырған қолайлы діни ахуалға еліміздің тұрғындарының дәстүрлі сенімі болып табылатын ислам және православиелік христиан діндері де оңды ықпал етіп отыр.
Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр деп қуанышпен айта аламыз.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының емлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.