ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Жалпы, біздің бөлімнің мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Соның ішінде, әсіресе, жастар саясатына қатысты жұмыстар мен іс-шаралар жетерлік. Бүгін реті келгенде солардың біразына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз.  Тым әріге бармай-ақ соңғы бір-екі жылдықта атқарылған жұмыстардың өзі оннан асып жығылады екен.

Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайында» облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі  басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №434 қаулысымен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және түрлі діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 250 студент жастардың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теолог маманы К.Рысбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас социологы Қ.Өнербаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Ж.Балтабаева мен орталық әдіскері Е.Тілеубаев қатысты. Сала мамандары әлеуметтік желі арқылы таралатын жат дүниелер мен теріс ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтану, сондай-ақ, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан арылу жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен бірге, Шымкент қаласындағы №3 кәсіптік колледжінде облыстық жастар сая­саты мәселелері жөнін­дегі  басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №434 қаулысымен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасында, діни ұйымдарды іс-әрекеттерінен қорғау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында студент жастардың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  теологы Ғ.Аппазов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас психологы М.Баймұхамбетова, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Е.Тілеубаев қатысты. Басқосу барысында студент жастар күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша өздерін мазалап жүрген сауалдардың жауабын тауып қана қоймай, тақырыптан тыс мәселелерге байланысты да сұрақтарын қойып, жауабын білді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердің зардаптары мен теріс ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтану, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан арылу жолдарын да сала мамандары түсіндіріп берді. Бір сөзбен айтқанда, бұл басқосудан жастар өзіне керекті мәліметтерді алып, танымдық, тағылымдық көзқарастарын қалыптастыра білді десек болады.

Қаладағы өзге ұлт өкілдерінен құралған  айтыскер ақындар, қол өнер шеберлерін және өнерлі жастарды ынталандыруға бағытталған жас ақындар мен қол өнер шеберлеріне, жас суретшілер мен өнерлі жастарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық деңгейін жоғарлату және өнерлі жастардың арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында 3 күндік семинар-тренинг аясындағы «Оңтүстіктің өнерлі өрендері» атты лагері 300 жастың қатысуымен  ұйымдастырылды.

Сондай-ақ ірілі-ұсақты іс-шара­ларға да қысқаша тоқтала кетейік.Шымкент қаласында жастар арасында «Дәстүрлі діндер тарихы туралы ақпараттандыру, деструктивті ағымдар қызметінің мағынасын ашу, дәстүрлі діндер тарихына қысқаша шолу» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылды. Қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту және дәстүрлі емес діни ағымның алдын алу бойынша, “Қоғамдағы діни радикалды топтардың іс-әрекетінің алдын алу» тақырыбында қала аумағында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыс және Шымкент қаласы жастарына арналған «Мәңгілік ел жастары — дәстүрлі дін жолында“ атты ашық есік күні де өтті. Жастар арасында құқық бұзушылықтың және діни экстремизімнің алдын алуға байланысты шаралар Шымкент қаласында да өз жалғасын тауып келеді. ОҚО Білім басқармасы Шымкент медресе-колледжімен бірге  «Рухани жаңғыру: жастардың рухани келбетіне дәстүрлі дініміздің ықпалы» атты республикалық  семинар да өз деңгейінде өтті.«Діни сауатсыздық діни алауыздыққа бастайды” тақырыбындағы кездесу де жастардың есіңде қалды деген ойдамыз. Барлығы аудан, қалаларда 242 іс-шара ұйымдастырылып, 12 жоғары оқу орындарында 3600 студент тартылып, орта арнаулы оқу орындарында 70 (14 000 студент), 160 (32 000 оқушы)  мектепте кездесулер өтті. Іс-шараға қатысқан жастар саны  49 600-ды құрады. Мұның баршасы да өңір мен Шымкент қаласы жастарының діни танымын кеңейтуге септеседі деген үміттеміз.

Ж.Балтабаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы

 «Қазақстан жолы» газеті, №16 (691), 28.04.2018 ж.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.