“Диплом алып беремін ”: Шымкенттік тұрғын 196 000 теңгесінен айырылды

Әл-Фараби ауданды Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс азамат Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірі арқылы диплом жасап беретінін айтып әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 196 000 теңгесін алған. Алайда арада уақыт өтсе де не диплом, не ақшасын кері қайтарып ала алмаған.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркеді.
Жедел-тергеу тобы арызданушы азаматшаның жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматтың жеке басын анықтап, оны Әл-Фараби АПБ-на жеткізді.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, алаяқтық жасаған азамат сенімді теріс пайдалану жолымен жәбірленушінің ақшасын алғанын мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіздер деп ескертеді. Мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға дағдыланыңыздар. Қандай да бір алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” арнасына хабар беріңіздер.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.