Е.АЙҒАЛИҰЛЫ, қаламгер: …имансыздықты қолдайтын сияқтымыз

Қазір жезөкшелік белең алды. Бұған мемлекетімізде заң органдары да кедергі жасай алмай отыр. Ал еркектер, біздер, бұған қарсы келмек түгілі анайы айтқанда осы имансыздықты қолдайтын сияқ­тымыз. Меніңше, бұл нағыз зұлым­дық!
Жасанды түсік тастау жөнінен әлемде «алдыңғы» орындамыз. Ұлтымыздың санын көбейтпей тұздай құртып отырған осы зұлымдықтың етек алуына мемлекетіміз пәрменді тосқауыл қоюды жүзеге асыра алмай отыр. Жап-жас қыздарымыз оң жақта отырып екіқабат болып қалуы үйреншікті нәр­сеге айнал­ды. Негізі бұдан өткен ұят, бұдан өткен масқара жоқ.
Қыздары, әйел­дері теріс жолға түскен, бұзылған елдің болашағы жоқтығын, ол мемлекеттің біртіндеп жер бетінен жойылатынын бізден де бұрын небір ғұламалар, даналар айтып кеткен. Еркегі намыссыз, рухсыз, мінезсіз халықтың қыздары имансыз, ұятсыз, тәртіпсіз болатынын өмір дәлелдеп жатыр.

«ҚЗ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.