«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын іске қосылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан салық төлеушілер үшін тиімді, әрі қолайлы жағдай жасау үшін және Қызмет алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланысты азайту мақсатында Комитет «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын іске қосылғанын хабарлайды.

«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы, Мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, келесідей қызметтерді алуға мүмкіншіліктер қаралған.Олар:

  • активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
  • салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
  • салық берешегін тексеру;
  • артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
  • мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
  • салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
  • жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
  • жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
  • мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.

 Постанова Нургуль Арысбаевна,

Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

 басқармасының бас маманы.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.