Е.ТҰРСЫНОВ: Билiк өз бiлгенiн iстеп жүр

Күйіндіретіні: ат тө­беліндей аз қа­зақтың ымырашыл бол­мауы, ендігі жер­­де оларды жүз­ге, ру­ға бөлгенді қойып, әлеу­меттік жағ­дайы­на, тіліне, кімнің қа­нында қалалық, кім­нің қанында ауыл-дық лейкоциттер көп екеніне, кредит алып алып той жа­­сайтындар мен сол кредит алып той жасағандарды жек көретіндерге, Бас дастарханға жақын отырғандар мен сол дас­тархандағы мол асқа алыстан жұтына қарағандарға, мәс­тек-Мазда мінетіндер мен бесті-Бентлимен шайқал­тып жүретіндерге, т.б. бөліп тастағандары. Сон­дықтан біреу бірдеңе ай­та бастаса, екінші адам одан асырып, қаттырақ сөйлеп дауласа жөнеледі. Біздің пікірталас үшін Ақиқат маңызды болмай қалды. Бізге бір минутқа ғана өзіміздікі дұрыс екенін дәлелдесек болғаны. Бұл пікірталас емес, бұл – көкезулік. Бұл да зиялылардын бір қырын танытса керек. Әңгіме деңгейі, талқыланған мәселелердің маңыздылығы, пікірталас деңгейі сол жерге жиналғандардың да деңгейін көрсетеді.
Билік өз білгенін істеп жүр. Өзімен тең сөйлесе алатындар жоқ болғандықтан, тарс бүркеніп алып, тілдесу керектігін мүлдем ұмытты. Билік өзіне керек, ұрымтал тұста өзін қолдап «әндете» жөнелетін зиялыларды тәрбиелеп алды. Сон­дықтан ол ойына келгенін, қолынан келгенін істеп, былығуда.

azattyq.org

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.