Е з у т а р т а р 6 - Октябрь, 2018 ж 292 0 Қарт кавказдық дүкенге келіп, сатушыға: – Маған екі костюм беріңіз, — дейді. – Ата, сізге екі костюмнің керегі не? Жасыңыз сексенге келіп қалыпты. Біреуін алыңыз, өміріңіздің соңына дейін киесіз. – Біреуін өзіме, екіншісін әкеме алып жатырмын. – Сіздің жасыңыз 80-де болса, әкеңіз 100-ден асып қалған болар!? – Иә, 105-те. Ертең оның әкесінің үйлену тойына барғалы жатырмыз. – Егер әкеңіз 105-те болса, атаңыз ең кемі 130-да болды ғой!? Осынша жасқа келіп, үйленбекші ме? – Оның өзі үйленгісі келіп жатқан жоқ, ата-анасы мәжбүрлеп отыр!… * * * МАИ қызметкері күні бойы жолда тұрып, ешқандай ақша таппайды. Ақыры жолдың шетінде, есектің үстінде кетіп бара жатқан шалды тоқтатып, соған тиіседі. – Аға сержант Пәленшеев Пәленше. Сіз жылдамдықты шамадан тыс асырып жібердіңіз. – Мен қалай есекпен жылдамдықты асырамын? – Онда сіз неге қамшымен есекті қатты ұрасыз? Тез арада есектен кешірім сұраңыз! – Кешір, есегім, МАИ қызметкері сенің бауырың екенін білмеппін… * * * – Әке, «мужик» деген кім? – Ол, балам, ақша тауып келіп, отбасын асырайтын адам. – Онда мен де өскенде мамам сияқты «мужик» боламын! * * * – Дәрігер, науқастың тамыры соқпай жатыр. – Қайтеміз енді, жүрекке әмір жүрмейді… * * * 2028 жыл. Зейнетақы қорына бір шал зейнетақысын рәсімдеуге келе жатыр. Бір қызметкер екіншісіне: – Ананы қара, тірі зейнеткер келе жатыр! FacebookTwitterEmailTumblrWhatsAppTelegram