Е з у т а р т а р

Қарт кавказдық дүкенге келіп, сатушыға:
– Маған екі костюм беріңіз, — дейді.
– Ата, сізге екі костюмнің керегі не? Жасыңыз сек­сенге келіп қалыпты. Біреуін алыңыз, өміріңіздің соңына дейін киесіз.
– Біреуін өзіме, екіншісін әкеме алып жатыр­мын.
– Сіздің жасыңыз 80-де болса, әкеңіз 100-ден асып қалған болар!?
– Иә, 105-те. Ертең оның әкесінің үйлену тойына барғалы жатырмыз.
– Егер әкеңіз 105-те болса, атаңыз ең кемі 130-да болды ғой!? Осынша жасқа келіп, үйленбекші ме?
– Оның өзі үйленгісі келіп жатқан жоқ, ата-анасы мәжбүрлеп отыр!…
*    *    *
МАИ қызметкері күні бойы жолда тұрып, ешқандай ақша таппайды. Ақыры жолдың шетінде, есектің үстінде кетіп бара жатқан шалды тоқтатып, соған тиіседі.
– Аға сержант Пәленшеев Пәленше. Сіз жылдамдықты шамадан тыс асырып жібердіңіз.
– Мен қалай есекпен жылдамдықты асырамын?
– Онда сіз неге қамшымен есекті қатты ұрасыз? Тез арада есектен кешірім сұраңыз!
– Кешір, есегім, МАИ қызметкері сенің бауырың екенін білмеппін…
*    *    *
– Әке, «мужик» деген кім?
– Ол, балам, ақша тауып келіп, отбасын асырайтын адам.
– Онда мен де өскенде мамам сияқты «мужик» боламын!
*    *    *
– Дәрігер, науқастың тамыры соқпай жатыр.
– Қайтеміз енді, жүрекке әмір жүрмейді…
*    *    *
2028 жыл. Зейнетақы қорына бір шал зейнетақысын рәсімдеуге келе жатыр. Бір қызметкер екіншісіне:
– Ананы қара, тірі зейнеткер келе жатыр!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.